«Ортақ Жеңіс» атты фотокөрме

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлесе Жеңістің 70-жылдығына арналып, «Ортақ Жеңіс» атты фотокөрмесі өткізілді.

Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы Жеңіс үшін жан қиған американдық және қазақстандық ер азаматтар мен әйел аналардың құрметіне орай, Қазақстан Республикасы Үкіметімен әріптестік қарым - қатынас жасағанын мақтаныш етеді. АҚШ Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино – фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты және басқа да әріптестері берген материалдардың негізінде АҚШ дипломатиялық миссиясы осы «ұлы ұрпақ» өкілдерінің сирек кездесетін суреттерінің фотокөрмесін ұйымдастырып отыр.

Іс – шараға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің қоғаммен байланыс жасау кеңесшісі Чарльз Мартин қатысып, сөз сөйледі.

Жиналған қонақтар АҚШ-тан келген «Ари Роланд» квартетінің өнерін тамашалады.


 


10 май 2015 г. 09:54
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: