Көрнекті жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Жанат Ахмадидің оқырмандармен кездесу кеші

     4-ақпан күні облыстық кітапханада жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Жанат Ахмадидің оқырмандармен кездесуі болып өтті. Әдебиетке тарихи романдар жанры арқылы келген жазушының қазіргі таңда «Дүрбелең, «Шырғалаң», «Есенгелді би», «Жарылғап би», «Қарадан туған хан Нұрабай» атты тарихи романдары, «Уақыт ырғағы» атты сын мақалалар кітабы, «Өмір өткелі» атты хикаят-эсселері жарық көрген.

       Жанат Ахмади – 1943 жылы 15 қазанда Шығыс Түркістанның Құлжа губерниясы, қазіргі Іле Қазақ облысына қарасты Қорғас ауданында Үш Ақсу – Мазы деген жерде дүниеге келген. Құлжа қаласындағы 3 жылдық шаруа-малдәрігерлік мектебі деп аталатын техникумның зоотехникалық бөлімін 1961 жылы аяқтаған. 1962 жылы атамекені – Қазақстанға келеді. ҚР Мемлекеттік Орталық Ұлттық мұрағатында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып қызмет істеген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

        Кездесу барысында оқырмандар жазушының шығармашылығына байланысты көптеген сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар алды. «Тағылымды сөздің зергері» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге жазушы Жанат Ахмадидің өмірі мен шығармаларына арналған әдебиеттер, мерзімді басылым беттеріндегі естеліктер, суреттер қойылды.


 

 

 

 

 

 

 


 


04 февраль 2016 г. 09:48
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: