Сәтті оқиғалар

Аққұм


  Ауыл жастарының компьютерлік білімдерін жетілдіру мақсатында облыстық кітапханамен бірлесіп, аптасына 2 рет EXCEL, слайд-презентация сабақтары өткізілді. Сабаққа қатысқан Сабырбайқызы Нұрила, Жамбыл Назерке, Төлеген Гүлдархан, Әбузар Нүргүл жасаған слайдтарын жіберіп отырды.

  Ауылдық емхана зертханашысы Саталиева Қарлығаш онлайн орталығынан тест сабағына дайындалып, нәтижесінде жоғарғы санатты зертханашы атағын алды.
 Ауылдық клуб үйінің операторы Көшекбаев Ерлан өзіне керекті әндердің минусовкалары мен плюсовкаларын онлайн орталыққа келіп, интернеттен жүктеп алды. Сайысқа қатысушы Тілеубаев Мейірбек ауданнан алғыс хатпен оралды.
Сабырбайқызы Нұрила ағылшын пәнінен сабақ үйреніп, ағылшынша сөздік қоры молайып, пән мұғалімінен алғыс алды.
  Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің 7 сынып оқушылары Шәкір Гүлдана мен Алдияр Назерке Қазақстанның ашық кітапхана kitap.kz сайтындағы әлем әдебиеті сериасынан  Шыңғыс Айтматовтың "Найман-ана" шығармасын оқып, әдебиет сабағынан  өте жақсы  деген баға алып, мұғалімі Мұстафина Оразкүлдің ризашылығын алды.

 


Мәдениет


     Мектеп оқушысы Сүйеніш Ақниет Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап слайд жасап, тәрбие сабағында пайдаланды. Байтақ Аружан «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты мерекелік кешке сценарий дайындап, ауыл тұрғындарынан алғыс алды.


Сұлутөбе

  Мектеп мұғалімі Мәдібек С. Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты ашық сабақ өткізіп, мектеп директорының алғысын алды.

  Ауыл тұрғыны өзге ұлт өкілі Кантешова Рабибі Азердбайжан елінде тұратын туыстарымен скайт арқылы сөйлесіп, өз ризашылығын білдірді.
  Балабақша тәрбиешісі балаларға арналған әндер тартып алып, бүлдіршіндер арасында ән байқауын ұйымдастырды.


05 май 2015 г. 16:47
0 просмотров
Комментарии
1
Eugene 24 мая 2022 09:57
Watch Factory Глобальная доставка Посетите веб-сайт, чтобы увидеть больше стилей:fake rolex kaufen
Цитировать         

комментариев публикаций
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: