«Қауымдық медиа орталық құру және Ақпаратқа қол жетімділік» тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырылды.Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Қауымдық медиа орталық құру және Ақпаратқа қол жетімділік» тақырыбында семинар тренингұйымдастырылды. Тренингке өңірдегі 10 ауылдық онлайн-орталық кітапханалардың қызметкерлері мен 20-ға жуық еріктілер қатысты. Семинар-тренинг екі күнге жалғаспақ. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты - жергілікті ақпаратты дамыту, жергілікті халықтың өздеріне қатысты ақпаратты алуы және сол арқылы жергілікті проблемаларды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу жолдарын табу. Cеминар-тренинг Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ-ның Қызылорда тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылды. Сырдария өзені бойындағы ауылдар тұрғындарының қоғамдық-маңызды сапалы ақпарат алу мүмкіндігі көзделуде. Қоғамдық-маңызды сапалы ақпаратқа қол жеткізу – өзін-өзі тиімді басқарудың факторы. Қауымдық мультимедиа орталықтар жергілікті тұрғындардың ақпараттық алаңына айналмақ.
|
История библиотеки

АРХИВ ПУБЛИКАЦИИ
« Октябрь 2023 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |