«Алаш партиясының тарихи тағылымы» ғылыми-танымдық конференция

    Биыл Алаш қозғалысының ғасырлық тойы – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Алаш мұрасын насихаттау, алаш зиялыларының есімдерін ұлықтау мақсатында «Алаш партиясының тарихи тағылымы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды.

  Конференцияға қатысушы қонақтар: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің профессоры Құдайбергенов Қазыбай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Тоқмарова Шырын Кішкентайқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология ғылымының кандидаты, доцент Айтбаева Айман Ералықызы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ибраев Уәлихан Серікұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Phd докторы Омаров Дәулет Кәрібайұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожақұлы Өтеубай.

   «Дала дауылпазы, ұлт күрескері - Ә.Бөкейханов» атты баяндамасында профессор Ө.Қожақұлы: «Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы осы мемлекеттілік емес пе? Мемлекеттілігі жоқ халық шын мәнінде Ә.Бөкейханов айтқандай жетім халық, біреудің жетегінде кететін халық. Ә.Бөкейхан қазақ өмірін өзгерту ісінде өмірінің соңына дейін оптимист күйінде қалды. Халық тұрмысындағы кемшіліктерге ол ақыл мен еңбек арқылы жеңуге болатын өткінші құбылыс ретінде қарады» –деді.

   Саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Тоқмарова «Алаш қозғалысы - демократияның бастауы» атты баяндамасында Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлға екендігін былай деп дәлелдеді: Мұстафаның терең білім алып саяси көз қарасының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа халқының азаттығы үшін күреске қатысып шыңдалуы оның Петерборда өткізген жылдарына тұс келеді. Ол Ә.Бөкейханов сияқты отандастарымен бірігіп Керенский басқарған Уақытша үкіметтің Түркістанды басқаратын арнайы Комитет құруына қол жеткізеді. Елдегі саяси қозғалысқа Мұстафа Шоқай белсене араласып іс жүзінде ұлттық қозғалыстың басты көсемдерінің біріне айналды.

  Өз баяндамасында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидатыУ.С.Ибраев мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтың институт қабырғасында жүріп, сол институттың ректоры қызметін атқарғанын, сол кезеңнің басты мәселесі Орта Азия мен Қазақстанның іргесін кеңейтуге және ұлттық тұтастануына зор үлес қосқанын атап өтті. Конференция қатысушыларына Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған Т.Жүргеновтың елімізде бұрын-соңды кездеспеген суретін көрсетіп, ол туралы тың деректерімен бөлісті.

  ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция және рухани даму мәселелері, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы туралы, алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары туралы құнды баяндамалар жасалып, мазмұны терең әңгіме айтылды. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен асыл азаматтардың тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтаңдақтарының» бетін ашып заман талабына сай зерделеудің маңызы зор екенін жастарға жеткізді.

   Конференцияға қатысушылар «Алаш партиясы Тәуелсіздіктің рухани тұғыры» атты кітап көрмесімен танысты.

Конференцияға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, оқытушылар, мектеп кітапханашылары, студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты.


 

 

 

 

 

 


 

19 октябрь 2017 г. 15:59
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: