«Жергілікті онлайн орталықтарға арналған медиа ақпараттық сауаттылық» семинар-тренинг

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстағы ауылдық онлайн орталық кітапханалар қызметкерлеріне арналған «Жергілікті онлайн орталықтарға арналған медиа ақпараттық сауаттылық» атты семинар-тренинг өтті. Шараның негізгі мақсаты - кітапханашылардың біліктігін жетілдіру, ақпараттық медианы дамыту. Ауылдық онлайн орталық кітапханалар және мобильді мультимедиялық орталықтың жұмысын жандандыру.  Семинар-тренингке облыстағы ауылдық онлайн-орталық және мобильді мультимедиялық орталық кітапханалардың қызметкерлері қатысты.

Семинарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар-тренингте ақпараттық сауаттылықты жетілдіру әдістемесі, ақпаратпен жұмыс істеудің басты бағыттары талқыланды. Облыстық кітапхана қызметкерлері Қ.Досмағанбетова, А.Баймбетова әлеуметтік медиа және ақпараттық сауаттылық мәселелері туралы айтып, шеберлік сабақтарын өткізді. III-Интернационал онлайн орталығының қызметкері Р.Тұрманова, Мәдениет ауылдық онлайн орталығының қызметкері Г.Ділдабекова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.



 
12 апрель 2018 г. 18:54
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: