«Қазақстан халқы Ассамблеясы- татулық пен бірліктің кепілі»

       2020 жылдың 27 ақпан күні «Достық» үйінде 1 Наурыз - «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына  арналған   шара аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пе бірліктің кепілі» атты кітап көрмесі өтті. Көрме: «Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен Қазақстан», «Халықтар достығы – ел бірлігінің кепілі», «Алғыс айту - ізгіліктің белгісі» бөлімдеріне топтасты.

     Көрменің мақсаты: Қазақстандағы этносаралық қарым - қатынасты жіті таныстыру, сондай-ақ жастар арасында жалпыұлттық бірегейлікті және патриоттық тәрбиені кеңінен насихаттау.

     Биыл қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейін асыру арқылы, Ел бірлігін нығайта түсетін жыл.

      Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекет­тің барша азаматының ұйысуына ұйытқы болды. Тәуелсіздіктің орнығуының ең қиын жыл­да­рын­да Тұңғыш Президент Н. Назарбаев­тың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық ке­лі­сім тұрақты түрде сақталды. Ассамблеяның ең басты міндеті еліміздегі қоғамдық келісім болып саналады.

      Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақкөңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

     Көрмеге Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы мен дамуындағы негізгі белестерді баяндайтын 75 кітап, 10 журнал, 25 баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен фотосуреттер қойылды. Көрмені барлық аудандар мен Байқоңыр қаласынан келген этнос өкілдері, облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері, қала қонақтары  көріп тамашалады.




 
28 февраль 2020 г. 19:23
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: