«Оқушының кітап оқуға ынтасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында жоба қорғау байқауы

        2021 жылдың 23 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен қалалық білім бөлімі бірлесіп, «Оқушының кітап оқуға ынтасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында жоба қорғау байқауын ұйымдастырды. Мақсаты - оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, өскелең ұрпақты шығармашылық және зияткерлік дамытуға жағдай жасау, оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, кітап мәртебесін арттыру.
       Байқауға аймақтағы жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Шара соңында арнайы бекітілген әділқазы алқаларының шешімі бойынша үздіктері анықталып, байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.




 
23 сентябрь 2021 г. 15:00
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: