«Жаңа кітаптар жаңалығы»

      Кітап - ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіш. Кітаптарды тандауда  ғана емес, сонымен бірге оқудың өзінде де кітаптан неғұрлым ақылға ақыл қосатындарын таңдай білу қажет. Ойшыл, ғұлама Жүсіп Баласағұн  «Білім ал, ол өмірдің жолын ашар, кісіден білім берген бәле қашар»- деп айтып кеткендей, кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі екенін ұғамыз.
   2015 жылдың 21-сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының фойесінде жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру,насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім», «Кітап-алтын қазына», «Ертегілер еліне саяхат» атты тақырыптардан тұратын «Жаңа кітаптар жаңалығы» атты көрме  ұйым-дастырылды. Көрмеге тарихи және көркем әдебиеттер, орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған  ұлттық бірыңғай тест кітаптарының 2015 жылғы басылымдары, мектеп мұғалімдеріне арналған көмекші құралдар,  балалардың қызығушылығын оятатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген танымдық кітаптар мен кітапшалар қойылды. 
      Құрметті, кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа кітаптар жаңалығы» көрмесін тамашалауға  шақырамыз!


 



21 апрель 2015 г. 17:57
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: