«Мәңгілік ел» пойызы «Теңдессіз сый» жасады.

    2016 жылдың 15 ақпанында Елбасының бейбітшілік және келісім саясаты айналасында халық бірлігін нығайту және қоғамды біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел» пойызы еліміздің барлық өңірлерін аралауға Астана қаласынан жолға шыққан болатын.

     Бүгін сол «Мәңгілік ел» пойызы Қызылорда қаласына келіп тоқтап үгіт пойызының өкілдері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Теңдессіз сый» жасады.

    Кітапхана қорына Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясы», «Идея мира и общественного согласия», «Литература народов КАзахстана», «Қазақстандағы этностардың музыкалық мүралары-музыкалық антология» 3 тілде, Мухаммед Кайдар Дулат «Тарих-и Рашиди», «50 имен будущего Казахстана», «Пламя Победы» сияқты еліміздің тарихын, Қазақстанды мекен еткен өзге де этностар тарихын тереңірек білуге мүмкіндік беретін кітаптар сыйға берілді.


 

 

 

 

 

 


12 март 2016 г. 17:00
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: