DataLife Engine > Жаңалықтар > БҰҰ тұрақты координаторы Норимас Шимомур Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болды

БҰҰ тұрақты координаторы Норимас Шимомур Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болды


17-10-2016, 17:52
Автор: akbota
    16-19 қазан күндері облысымызда БҰҰ және ҚР Үкіметі бірлескен "Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту" бағдарламасы бойынша өңірде құрылған агенттіктердің жұмыс нәтижесімен танысу мақсатында бағдарламаны басқару Кеңесінің тұрақты мүшелері іс-сапарда болды. 17 қазан күні қонақтар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, БҰҰ және ҚР Үкіметі бірлескен бағдарламасы аясында жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ІТ-технологияларды пайдалануға үйретуге бағытталған «Шаңырақ» интеллектуалды орталығымен, ауыл кітапханалары базасында құрылған ақпараттық онлайн орталықтарымен және кәсіби қолөнершілердің еңбектерінен дайындалған шағын көрмемен танысты. Келген қонақтар қатарында БҰҰ тұрақты координаторы Норимас Шимомур және де Алматы, Астана қалаларынан келген Кеңес мүшелері болды.

 

 

 



Вернуться назад