DataLife Engine > Жаңалықтар > Шетелдіктер ауылдық онлайн орталық кітапханалардың жұмысымен танысты

Шетелдіктер ауылдық онлайн орталық кітапханалардың жұмысымен танысты


1-07-2017, 17:35
Автор: akbota

   26-27 маусымда «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы бастаған IREX EUROPE сарапшылары Қызылорда облысындағы ауылдық онлайн орталық кітапханалардың қызметімен танысу мақсатында іс-сапарға келді. Шетелден келген қонақтар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнан кейін Іңкардария, Ақжарма, Аққұм, ІІІ-Интернационал, Еңбекші және Сұлутөбе ауылдық онлайн орталық кітапханаларында болды. Қонақтар онлайн орталықтардың жұмысымен, олардың жергілікті халықты ақпараттандырудағы қызметін және сол арқылы проблемаларды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу жолдарын көріп танысты. Шетелдіктер жергілікті тұрғындардың ақпараттық алаңына айналған онлайн орталық кітапханалардың жұмыстарына оң баға беріп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Вернуться назад