DataLife Engine > Жаңалықтар > Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. (мерзімді басылымдарға шолу)

Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. (мерзімді басылымдарға шолу)


4-09-2017, 12:18
Автор: akbota

   2017 жылдың 2 қыркүйегі күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» тақырыбында мерзімді басылымдарға шолу жасады.

    Баспасөз халықты рухани жағынан байыта отырып, үзіліп қалған байланыстарды жалғайтын ел мен елдің арасындағы достық қарым-қатынасты орнатудың жаршысы. Педагог-ғалым Ж.Аймауытов өз сөзінде: «Газетке елдің селқос қарауының бір себебі, өз мүддесін сөйлейтін қышыған жерінен дөп келетін сөздердің аз басылуынан» деген болатын. Олай болса, бүгінгі таңда мерзімді басылымдарға деген елдің сыни көзқарасы қалай, халыққа оңтайлы ақпарат дер кезінде жеткізіліп жүр ме? сауалдары аясында «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» тақырыбында оқырмандар ойы ортаға салынды. Оқырмандар тарапынан түрлі сұрақтар мен ұсыныстар да болды. Аталған тақырып аясында мерзімді басылымдар бөлімі оқырмандарының пікірін тыңдай келе, басым көпшілік қауымның тұщымды әрі нақты ақпаратты газеттен алуға болатынын байқатты.

   Шара соңында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапхана қызметкері республикалық, облыстық, аудандық, ресейлік газет-журналдарға тоқталып өтті.


 

 


 


Вернуться назад