DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі

«Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі


21-08-2020, 12:00
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 21 тамыз күні Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Жәлел Қизатұлының үлгілі өмірін кейінгі ұрпаққа өнеге ету, игілікті істерін насихаттау.

   Кітап көрмесіне Ж.Қизатовтың өз қаламынан туындаған 1976 жылы жарық көрген «Өмір өткелдері» атты шығармасы қойылып отыр. бұл кітапта батырдың балалық шағы, жауынгер достарымен бірге майдандағы ерлік істері баяндалады.

Сондай-ақ бірнеше  повестері мен поэмалары енген «Өмір мен өлім», «Испытание войной» атты кітабы ұсынылды. Бұл кітап 2009 жылы жарық көрді.

   Сонымен қатар батырдың 90 жылдығына орай баспасөз бетінде жарияланған Алдажар  Әбіловтің «Ел өмірімен тұтасқан өмірбаян», Жорабек Сарбалақовтың «Екі майданның батыры», «Соғыс және еңбек майданының батыры»,«Батырдың өшпес өнегесі» атты мақалалары, Қазыбай Құдайбергеновтың «Ерлікпен өрілген өмір», Бүркітбай Аяғанның «Соғыс сынағы», Әбдіқадыр Қажы Ибрагимовтың «Өндірістегі ұстазым еді» атты естелік мақаласы, Ыдырыс Қалиевтың «Батыр даңқы өшпейді», Нағызхан Қарымсақовтың «Ер есімі ешқашан ұмытылмайды» атты мақалалары ұсынылды.


 


Вернуться назад