DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ақпарат айдынындағы заманауи кітапхана» тақырыбында онлайн сұхбат

«Ақпарат айдынындағы заманауи кітапхана» тақырыбында онлайн сұхбат


4-09-2020, 12:43
Автор: akbota

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 9 қыркүйек күні  «Ақпарат айдынындағы заманауи кітапхана» тақырыбында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысының орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан IT мамандардың бірі – Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалиновпен онлайн сұхбат ұйымдастырды.

Сұхбат барысында Нұржан Нұрланұлы қазіргі таңдағы кітапхана саласының дамуы, оның ақпараттық қоғамда алатын орны және цифрлық технологияның кітапханаларға әсері, электронды кітапханаларға сұраныс қандай болу қажеттігі жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақыттағы шығармашылық бастамаларымен және ақпараттық технология саласында жеткен жетістіктерімен бөлісті.



 

Вернуться назад