DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы


14-09-2020, 12:46
Автор: akbota
  Құрметті кітап сүйер қауым! Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 14-18 қыркүйек аралығында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын өткізеді. Кітапханашылар акция аясында жиналған кітаптарды «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар үйіне қайырымдылық көмек ретінде тапсыратын болады.Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар қабылданады.Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым - маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және балалар үйінің тәрбиеленушілерінің рухани байлығын дамытуға, оқу мәдениетін жақсартып, уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндікті күшейтеді.Сіздерді акцияға қатысуға шақырамыз!Акция ағымдағы жылдың 14-18 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
   

Вернуться назад