DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтыың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының «Қоғам мен құндылық» бағыты бойынша онлайн конференция

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтыың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының «Қоғам мен құндылық» бағыты бойынша онлайн конференция


15-01-2021, 16:00
Автор: akbota
      2021 жылдың 15 қаңтарында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының «Қоғам мен құндылық» бағыты бойынша онлайн конференция өтті.
      Конференцияда еліміздің ең басты құндылықтары мен береке-байлығымыз – ел мен жер, тіл, ел бірлігі, ұлтаралық татулық пен келісім, патриоттық жасампаздық, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, қуатты экономика мен өндіріс және осылардың бәрінен құралатын қастерлі Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, сақтау мәселесі туралы ой-пікірлер айтылды.
      Онлайн конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, профессорлар, жоғары оқу орнының ұстаздары, ақын, журналистер, оқырмандар және қала, аудан, ауыл  кітапханашылары қатысты.


 

Вернуться назад