DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ой-маржаны –кітап» (Жаңа кітаптар көрмесі)

«Ой-маржаны –кітап» (Жаңа кітаптар көрмесі)


3-04-2015, 13:17
Автор: akbota

    Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.

    «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.

    Кітапхана фойесінде жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Ой маржаны-кітап» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. «Білімнің қайнар бұлағы», «Сиқырлы ғажайып әлем», «Балаларға базарлық» атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.

    Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

 

 




Вернуться назад