DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рақымов

Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рақымов


15-04-2015, 15:17
Автор: akbota

    Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының тұңғыш генералы Сабыр Рақымовтың өмірін, қызметі мен ерлігін насихаттау мақсатында 15 сәуір күні «Қазақтың тұңғыш генералы» атты тарихи-танымдық кеш өткізді. Мақсаты: Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының тұңғыш генералы Сабыр Рақымовтың өмірімен терең таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Отанын, халқын, тарихын Сабырдай сүйіп, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Кешті №264 мектеп-лицейдің 2 «а» сынып оқушысы Шегебай Заңғар М.Мақатаевтың «Қырық бірінші жыл» өлеңімен ашты. Шараға № 6 орта мектептің оқушылары қатысты. Балалар Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың өмір жолымен және соғыстағы ерлігі туралы мәлімет алып, бейне-роликті тамашалады. Сабыр Рақымовқа арналған арнау өлең, патриоттық тақпақтар оқылып, әндер шырқалды.
Сонымен қатар ««Тұңғыш генерал - Сабыр РаҚымов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аты-жөнінің жазылуы туралы дерек Алматы қаласы "Қазақ энциклопедиясы" баспасынан 2011 жылы шыққан "Айбын" энциклопедиясынан алынды.


 

 


 


Вернуться назад