«Жыр ғұмыр»- әдеби-сазды кеш

«Жыр ғұмыр»- әдеби-сазды кешБалалар бөлімі Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сырдың перзенті, ақиық ақын  Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Тәжібаев оқулары» аясында  «Жыр ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Әдеби кешке №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары  және «Самұрық» би тобы қатысты.  Шарада  ақынның шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, оқушылар  ақынның өлеңдерін  жатқа оқып, көрермендер «Толағай» поэмасынан шағын қойылымды тамашалады. №264 мектеп-лицейдің оқушылары ақынның өлеңдеріне жазылған «Сырдария», «ҚҰлыншағым-құндызым» т.б.әндерін орындап, №187 орта мектептің  оқушылары Әбділда атаның өлеңдерін оқыды.

Кітапхана фойесінде   «Жыр сүлейі – Әбділда » атты кең  көлемді суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.
13 сентябрь 2013 г. 03:49
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: