DataLife Engine > Тәжібаев оқулары > Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың 105 жылдығына арналған іс-шаралар апталығы

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың 105 жылдығына арналған іс-шаралар апталығы


14-09-2014, 03:53
Автор: toweb.kz
Қазақстанның халық  жазушысы, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың 105 жылдығына арналған іс-шаралар апталығы 
11 ақпан күні оқу залында «Сырда туған сырбаз ақын» атты жыр кеші өтті. Кешке жергілікті ақын – жазушылар: Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшелері, ақын Ә.Рақымбеков, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда Облыстық филиалының директоры, «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының редактор-жүргізушісі Қ.Есімсейітовалар мен балалар ақыны, педагогика ғылымының докторы, профессор Р.Наурызбаева, «Әлімсақ» журналының редакторы, ақын Н.Көбегенұлы, «Жауқазын-ғұмыр» жас ақын-жазушылар клубының жетекшісі, ақын  Н.Бердіқожа қатысты.

Кешке қатысушы жыр сүйер қауым Ә.Тәжібаев туралы бейнесюжетті тамашалап, ақынның көзін көрген кеш қонақтары естеліктер айтты. «Жауқазын-ғұмыр» клубының мүшелері  «Ана мен бала» атты пролог жасап, Айманкүл анамыз бен бала Әбділданың образын сомдады. Қызылорда гуманитарлық колледжі студенті  Қасымов Жантас, «Болашақ» университетінің студенті Абдумаликова Назерке, Қызылорда көпсалалы колледжінің оқытушысы Биходжаева Фариза т.б. оқырмандар Ә.Тәжібаев жырларын шабыттана оқыды және үздерінің арнау өлеңдерін тарту етті.

Сонымен қатар, сахна түріне ерекше үлгідегі көрме жасалды. Оған дүлділ ақынның өзі пайдаланған, тұтынған дүниелері, жазған хаттары, оқырмандар әлі де таныспаған  фото-суреттері қойылды.


Вернуться назад