DataLife Engine > ONLINE-орталық > ONLINE жаңалықтары

ONLINE жаңалықтары


18-03-2015, 10:34
Автор: kitap

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Аққұм» ауылдық кітапханасында ауыл кәсіпкерлігін қолдау онлайн орталығының ашылу салтанаты

   Ашылу рәсімі ауыл әкімі Төлегенов Темірбектің құттықтау сөзімен басталды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры өзінің құттықтау сөзінде жобаның  ауыл кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарын компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру  және қажетті  ақпаратты  қашықтап пайдалана  алуын қамтамасыз ету  мүмкіндігіне ие  болатынын, онлайн-орталық жұмысына жетістіктер тілей отырып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.Сонымен қатар орталықтың салтанатты ашылуына қатысқан Қызылорда облыстық БҰҰ Даму Бағдарламасының менеджері Баян Егізбаева  және  Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Аймақтық даму және тиімді басқару департаментінің Бағдарлама үйлестірушісі Қоянбаева Маликалар жоба туралы толық ақпарат беріп,өз құттықтауларын жолдап, ізгі тілектерін білдірді.
   Шара барысында кітапхананың оқырмандары  әннен шашу шашты. Онлайн орталықтың тұсауын кесу рәсімі Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Аймақтық даму және тиімді басқару департаментінің Бағдарлама үйлестірушісі Қоянбаева Малика мен ауыл ардагері Қойшыбай Райымбекке  табыс етілді.
   Түйіндей келе онлайн орталық қызметі - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен бірге жалпы қоғамның, биліктің, бизнестің, БАҚ өкілдерінің аймақтағы ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге және қоғамның дамуына барынша қолдау көрсетеді деген сенімдеміз.

ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары

       
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Аққұм ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай "Ұлы таулар аласармайды, Ұлы есімдер ұмытылмайды" атты кеш болып өтті. 
   Елін, жерін қорғаған ел азаматтарының, соғыс ардагерлерінің ерлік жолдарын оқырман қауымға таныту, жастарды отанын, елін сүю, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген  шараға ауыл әкімі Темірбек Төлегенов қатысып,қатысушыларды Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтады. Кешке 70-ке жуық көрермен қатысты. Ауыл өнерпаздары Мақпал Зарлықова "Шығыстың қос жұлдызы", Гүлнафис Жаханова "Әлия", Райкүл Алдабергенова "Смуглянка", Бану Шахкөзова "Ана туралы баллада" әндерін орындады.
    Елде қалған қарттар мен балардың тылдағы майдан үшін жасаған еңбектерін бейнелейтін "Соғыс көріністері" атты көрініс көрсетіп, қариялардың көзіне жас алдырды.
 "Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды" атты кітап көрмесі шығарылып, таныстырылды. Қатысушы оқырмандарға кітапхананың кітап қорындағы сұрапыл соғысқа байланысты әдебиеттер, тарихи деректер, майдангер жазушылардың кітаптары қойылып, таныстырылды.
   Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан боздақтар ескерткішіне гүл шоғы қойылып, құран бағышталды.

ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жалағаш ауданы «Мәдениет» ауылдық кітапханасында ауылдық онлайн орталығының ашылу салтанаты


                 Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдық кітапханасында ауылдық онлайн орталығы өз жұмысын бастады.   Онлайн орталықтың ашылу салтанатына ауылдық әкімшілік өкілдері, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.

          Ақпараттық онлайн орталықтарда ауыл тұрғындары кәсіпкерлік туралы, интернеттен ақпарат іздеу, түрлі онлайн-сервистерді пайдалану,электронды сандық қолтаңба алу мүмкіндіктерінеқол жеткізетін болады. Жұмыссыз жастар үшін де компьютерлік сауаттылығын арттыру, жаңа кәсіпті меңгеруде көмегі мол болмақ.

 

 

 

 

 

 

 «Жұмыссыз жастардың компьютерлік білімдерін жетілдіру» курсы

  

        Кітапханада «Жұмыссыз жастардың компьютерлік білімдерін жетілдіру» жобасының екінші кезеңі өз жұмысын бастады.

     Жоба аясында ауылдық онлайн орталықтар ашылған «Сұлутөбе», «Еңбекші», «Аққұм» және «Мәдениет» ауылдарының жұмыссыз жастары да Skype арқылы MS Excel электронды кестелерімен жұмыс дағдыларымен, PowerPoint бағдарламасында презентация жасау, Adobe Photo Shop, Corel Drow бағдарламалары бойынша дәріс алатын болады.

 

 

 

 

 

 

   «Ауылда онлайн ақпараттық орталықтар құру»
    Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында «Ауылда онлайн ақпараттық орталықтар құру» жобасы іске асырылуда.
     Жобаның мақсаты облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтерді кеңейту, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында, нақты әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады. Сонымен қатар онлайн орталық қызметі - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен бірге жалпы қоғамның, биліктің, бизнестің, БАҚ өкілдерінің аймақтағы ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге және қоғамның дамуына барынша қолдау көрсетуге бағытталған.
Жалпы 2015 жылы Қызылорда облысы бойынша 10 ауылдық кітапханада, атап айтқанда Арал ауданы бойынша Шижаға, Қамбаш, Қазалы ауданында Жалаңтөс батыр, Өркендеу, Жалағаш ауданы бойынша «Мәдениет», «Аққұм», Сырдария ауданында Н.Ілиясов, Ақжарма, Шиелі ауданы бойынша «Еңбекші», «Сұлутөбе» ауылдық кітапханаларында осындай онлайн-орталықтар ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
   Қазіргі таңда Қызылорда облысы әкімдігі және БҰҰ даму Бағдарламасы қолдауымен Жалағаш ауданының «Мәдениет», «Аққұм» ауылдық кітапханалары базасында бұл жоба өз жұмысын бастады.
Жобаны кітапхананың күнделікті қызметіне біріктіру, өзара байланыс қалай жасалады деген сұрақтарға жауап алу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2 күндік семинар – тренинг өтуде.
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары


       Мәдениет ауылдық онлайн кітапханасында 23 ақпан күні Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Ж. Жабаевтың 170 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты жыр сайысы ұйымдастырылды.
   Мақсаты: ақынның өмір жолы, ерен еңбегі туралы түсінік беру, өлең-жырларын жас ұрпаққа дәріптеу, мәнерлеп оқуға машықтандыру, ұлттық асыл қасиеттер мен құндылықтарын бойына сіңіру.
     Жыр сайысқа 5, 6, 7 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар бірінші бөлімде Ж.Жабаевтың өлеңдерін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) мәнерлеп оқудан өз өнерлерін көрсетіп жатқа оқыса, екінші бөлімде Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты қойылған қызықты сұрақтарға жауап берді. Шара соңында 1орынды 7 сынып оқушысы Сайлау Аида, 2 орынды 6 сынып оқушылары Саветбек Асылзат пен Бақтыбай Айдана иеленсе, 3орынды 5 сынып оқушылары Алдаберген Айдана, Алтынбек Ақнұр және 6сынып оқушысы Қорғанбек Қарақат жеңіп марапатталды. Сайысты скайп бағдарламасы арқылы онлайн орталық кітапханалары тамашалады.

 

 


      Еңбекші ауылдық онлайн орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әйел – от анасы қоғам берекесі» атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты ақжаулықты аналарымызды, апа- сіңлілерді құрметтеу, өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге өнегелі тәрбие беру.

        «Ана – шаңырақ шуағы» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

 

 

 

      Ақпанның 18-ші жұлдызында Ақжарма ауылдық модельді кітапханасында Ауған соғысының ардагері Достияров Әлсейтпен кездесу кеші болып өтті. Кешке тұрақты оқырмандар, мектеп оқушылары, мұғалімдер, мекеме қызметкерлері қатысты.

      Кештің мақсаты жастарды Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашты. Кеш қонақтары ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Шараны жүргізушілер Ауған соғысы жайлы, жауынгерлердің ерліктеріне тоқталды. Кеш қонағы Ауған соғысының ардагері Ә.Достияров Ауған жерінде болған зұлмат соғыстың зардаптары, Кеңес әскерлері қаһармандық ерліктері жайлы сөз қозғап, сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапқан, із-түзсіз жоғалып кеткен бауырларымызды еске алып, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


 

 

 

 

      

Іңкәрдария ауылдық онлайн орталығында ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жасқа толуына байланысты кітапхана, клуб қызметкерлері бірлесе отырып «Поэзия! Менімен егіз бе едің» атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізді. Кештің мақсаты: ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгеншілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау. «Жыр жүрегі-Мұқағали Мақатаев» атты ақын шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өлеңдер оқып, ауыл жастары автордың әндерін шырқады.

 


 

Бисенбаев Медет  «Фариза қыз» әнінін орындауда


 

Мұқағали поэмасынан қойылым әнін орындауда

        

Іңкәрдария ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен эпик, айтыс ақыны, абыз жырау әрі жауынгер жыршы Жамбыл Жабаевтың 170 жасқа толуына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты поэзия кеші болып өтті.. Кеш өтетін орынға «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кітап көрмесі жасалып, шолу берілді.

Ақынның «Менің өмірім», «Әкеме», «Жамбылдың халық үшін қалған жасы», «Ленинградтық өренім» өледерімен қоса Жамбылға арнау өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Әбдикаримова Жаннұр «Жыр алыбы Жамбыл», Қорған Нұрбибі «Жамбыл», Асанов Ақжігіт « Жамбылға арнау», Күмісбек Ақылжан «Жамбыл» атты тақырыптарда өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Поэзия кеші көңілді өтті.

 


 

«Жыр алыбы Жамбыл» атты кештің көрермендері

 

Кешке қатысқан мектеп оқушылары

 

      Іңкәрдария ауылдық кітапханасымен ауыл клубы бірлесіп ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана деген-теңдесі жоқ ұлылқ» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешінде алтын алқа, күміс алқа, жас көп балалы аналарға арналып мерекелік құттықтаулар, ән-шашулар, сыйлықтар берілді. Клуб қызметкерлері Айгерім Жұмабекова «Анаға арнау», Ізбасқанова Шынар «Ана бақыты», Жалғасбекова Жадыра, Бисенбаева Роза, мектеп мұғалімі Байманов Саят «Ана», Асанов аналарға арнап әндерін орындады.. Кездесу кешінің соңында ауыл ақсақалдар төрағасы Әбілжаппар ағай қорытынды жасап, мерекелерімен құттықтады.

 

 

8-наурыз мерекесіндегі аналар

 

 Бисенбаева Роза ән айтуда

 

 Мектеп мұғалімі Асанов Нұрбол аналарға арнап ән айтуда


      Ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен балалар ақыны Ә. Табылдиевтың 90 жасқа толуына орай «Балалар жүрегінің бағбаны» атты әдеби-жыр кеші болып өтті. Кеш барысында ақынның өлең, ертегілері, жатқа оқылды. Мектеп оқушылары ақынның «Таңғажайып ертегісінен» көрініс қойды. Кеш өтетін орынға «Балалар жүрегінің бағбаны» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды. Кешке мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты.

 

 




 


 


 


 


 

 



 


 

 


 


 






Вернуться назад