Жоба туралы
БҰҰ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызылорда облысына арналған бірлескен Бағдарламасы
Жоба мақсаты:
Облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтерді кеңейту, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында, нақты әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.
Мақсатты топтар:·
1. Ауыл кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, оралмандар – өз жұмыстарын дамыту мәселесі бойынша;
2. Жұмыссыз жастар – жеке бас әлеуетін және ауылдағы жастар бастамасын дамыту үшін;
3. Ерекше санаттағы тұрғындар (мүгедектер, көпбалалы отбасылар т.с.с) – өмір сапасын жақсарту мақсатында электронды оқыту мен ақпаратқа қол жеткізу.
Жобаның басты серіктесі: БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), ол компьютер, МФУ көбейту техникасынан құралған техникалық қолдау көрсетіп отыр.
Өзге серіктестер:
1.Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;
2. Қызылорда облыстық БҰҰ Даму Бағдарламасы;
3. Жергілікті әкімдіктер – Интернет пайдаланымын ұйымдастыру және трафикті қаржыландыру;·
4.Жастар ісі жөніндегі басқарма – жұмыссыз жастар мен жас кәсіпкерлерге оқыту бағдарламаларын өткізу және кеңес беру;·
5. Аудандық кәсіпкерлік бөлімдер және бизнес-кеңесшілер;·
Атқарылатын жұмыстар
1. Мақсатты топтарды компьютер мен Интернет сауаттылығына, желілік қарым-қатынас жасауға, жедел хабарламамен алмасу бағдарламаларын т.б. пайдалануға оқыту;
2. Кәсіпкерлік, несие беру, субсидия т.б. мәселелер жөнінде семинарлар ұйымдастыру және кеңес беру;
3. Мемлекеттік онлайн қызметтер, электронды сандық қолтаңба алу, салықтық есеп тапсыру т.б. пайдалану бойынша оқыту бағдарламаларын жүргізу;
4. Түрлі сала мамандары: бизнес-кеңесшілер, заңгерлер, несие ұйымдары мен қорлары өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастыру.
Вернуться назад