DataLife Engine > --- > АСАНОВ ҚАЙЫРБЕК

АСАНОВ ҚАЙЫРБЕК


14-04-2015, 18:37
Автор: kitap

1945 жылы 19 ақпанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданындағы бұрынғы «Қызыл орақ» қазіргі Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген. 1953–1964 жылдары орта мектепті бітіріп, әскер қатарына шақырылады. Әскерден оралған соң Тереңөзек ауданындағы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, «Қараөзек» совхозы Комсомол комитетінің хатшысы, аудандық тұтынушылар одағының кадр жөніндегі инспекторы болып қызметтер істеген. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, соңғы курсында оқып жүріп-ақ «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жұмысқа орналасады. Осы кезеңнен бастап ол жастар өмірінің сан-саласынан көркем очерк, публицистикалық мақалалар жазып оқырмандар назарына іліге бастайды. Оның «Шәкира», «Бағлан», «Шиелі шынарлары», «Береке бастауы», «Бақыт баспалдақтары», «Оның жұлдызы биік» т.б. очерктері сол кезеңнің жастарын тәрбиелеуге ықпал еткені сөзсіз.

«Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы болып он төрт жылдай қызмет атқарды. Газеттің 50 жылдығына орай 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1987–1988 жылдары Алматы облыстық партия комитеті жанындағы марксизм-ленинизм жоғарғы мектебін бітірген. 1994 жылы Қазақстанда ашылған «ЗаманҚазақстан» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Әдеби қордың директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі жанындағы дипломатиялық академияның бөлім меңгерушісі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің салалық «Отан» атты саяси-қоғамдық журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Алматы технологиялық университетінде «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары және «Престиж», «Талапкер» атты көп тиражды газеттердің редакторы болды.

Ол «Тұңғыш» (1978), «Сүйемін сені» (1980), «Ғашық ғұмыр» (1982), «Сен жанымда жүрсең» (1989), «Ағайынға ақ тілек» (2004), «Күннің нұры қуатым» (2005), «Махаббат» (2006), «Адалдық асыл мұратым» (2009) атты жыр жинақтарының авторы.

Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған жыр мүшәйрасында ынталандыру сыйлығын иемденсе, жыл сайын өткізілетін Абай оқуларының 2003 жылғы жүлдегері атанып, Алматы қаласы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

 

Əдебиеттер:


 

 

 

  Асанов Қ. Адалдық – асыл мұратым: Өлеңдер. – Астана: Фолиант,2009. – 384 б. – (Сырдария кітапханасы)

  Асанов Қ. Ғашық ғұмыр: Өлеңдер / Қ.Асанов.- Алматы: Жалын, 1986.- 80 б. Асанов Қ. Күннің нұры қуатым: Өлеңдер / Қ.Асанов.- Алматы: Өлке, 2005.- 240 б.- (Отырар кітапханасы)

  Асанов Қ. Сағыныш: Повесть. – Алматы: Жазушы, 1968. – 71 б.

***

  Асанов Қайырбек Зəйтенұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 51 б.

  Асанов Қайырбек//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 33-34 б.

  Асанов Қайырбек //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 29 б.

  Асанов Қайырбек //Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 119-120 б.

  Асанов Қайырбек//Сырдария (Тереңөзек)ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 84 б.

  Жұмабек С.Өзекжарды өлеңі – жұбанышы: Ақын Қ.Асанов 50жаста //Жұмабек С.Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 2009. – Т.2. – 300-305 б.

  Асанов Қ. "Жарды сүю бiр басқа, жырды сүю бiр басқа": [Ақындар отбасымен əңгiме] / Асанов Қ., Асанова К.; Əңг.С.Ысқақова // Жас Алаш. - 2001.- 4 желтоқсан (N145).- 5 б.

  Асанов Қ. Көңілдерге көпір салып жүрейік: Ақын Қайырбек Асанов жайлы / Қ.Асанов // Тіршілік тынысы. - 2011. - 19 ақпан.

  Əбдікəрімов С. Қос өзен секілденіп: АқынҚ.Асанов туралы //Алматы ақшамы. – 2005. – 19 ақпан

  Əмiр-Бек К. Күзгi бақтың шуағы немесе бiр ағашта екi алма: Ақын Қайырбек Асанов 60 жаста // Қазақ əдебиетi.- 2005. - 11 ақпан (N6). - 11 б.

  Дəуітұлы С.Елуінде ел таныды ерім деп: Ақын Қайырбек Асанов 50жаста //Сыр бойы. – 1995. – 1 наурыз

  Жұмағалиев Қ. Махаббатым - мəңгi жыр: [Ақын Қ.Асановтың шығармашылық жолы туралы] // Қазақ əдебиетi.- 1995. -14 ақпан (N6).- 14б.

  Құлиев Ж. Қасқалдақтай өрге жүзген: Белгiлi қаламгер, ақын Қайырбек Асанов туралы // Егемен Қазақстан. - 2005. - 16 ақпан (N30). - 6 б.

  Құттаяқов Ш. Махаббаттың құдiрет күшi əлдилеп...: [Ақын, журналист Қ.Асанов туралы] //Жас Алаш.- 1995. - 9 ақпан

  Оспан С. Ақын махаббаты: Белгілі ақын Қайырбек Асанов туралы / С.Оспан // Қазақстан-ZAMAN. - 2005. - 18 ақпан (N7). - 8б.

 


 



Вернуться назад