DataLife Engine > --- > Пірім батыр

Пірім батыр


4-05-2015, 13:04
Автор: akbota

     Жақайым Пірім батыр Асандар көтерілісінде ту көтеруші болған. Ұрыста ту көтеріп, жұрттың алдын бастап шапқан Пірім қаншама адам өліп, жарақаттанғанда, оқ пен оттың арасынан аман шыққан екен. Көтеріліс басылғасын ОГПУ-дың қызметкерлері ауылға Пірімді іздеп келіп, өзін таппағасын, Елдізер, Күніке деген екі інісін алып кеткен. Елдізер Пірім ағамның тығылып жүрген жерін тауып берем деп қамаудан алдап шығып кеткен. Бірнеше күннен кейін қайта ұсталып, содан елге оралмаған. Із-түзі белгісіз. Елдізерден Қалыбек, Қанықұл деген екі бала қалады. Қалыбек қайтыс болған, балалары Қызылорда облысының Тасбөгет қыстағында, Қанықұл балаларымен Жамбылда тұрады.

    Ал, Күнікені бірнеше күн тергеп, ұрып соққыға жыққан. Білмейміннен басқа сөз айтпағасын түрмеден шығарып жібереді. Күнікеден туған Қоғам қазірде Арал ауданының «Құмбазар» ауылында тұрады.

     Үкімет адамдары Пірімді кейіннен ұстап, бұл жақта соттай алмаспыз, ағайындары тағы көтеріліс жасап жүрер деген күдікпен Ақтөбе қаласына жібереді. Сондағы түрмеде бірнеше ай жатып, тергеліп, әйтеуір босанып шығады.

     Пірім жасы жетіп өз ажалынан өледі. Сүйегі Қазалы қаласындағы қорымда жатыр.



Вернуться назад