DataLife Engine > --- > ДӘРІБАЕВ КӨШЕРБАЙ

ДӘРІБАЕВ КӨШЕРБАЙ


4-05-2015, 15:53
Автор: akbota

    Дәрібаев Көшербай 1892 жылы қазіргі Арал ауданы, Дөңгелексор ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалдық Еңбек Ері (1949 жылы). 1907 жылдан 1917 жылға дейін байлардың жалшысы болды. Еңбек жолын 1917 жылы ОрынборТашкент темір жол құрылысында бастаған. 1930 жылы колхоз ұйымдасқанда Арал ауданы Чкалов атындағы ауылшаруашылық артеліне мүше болды. Мұнда оны егіс бригадасынң бригадиріне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ұжымдастыру кезінде егіс бригадирі, ферма меңгерушісі, 1943–56 жылы «Абай» ұжымшарында жылқы фермасының меңгерушісі болып еңбек еткен.Саналы ғұмырын мал шаруашылығын өркендетуге арнаған адам. Ол жылқы малын өсіріп, көбейтудегі ерен еңбегі үшін Көшербай жұмыста басқаларға үлгі бола білді. Жылдан жылға жылқы саны көбейе берді. Құлындар шығынсыз өсті. 1947 жылы тамаша жылқышы қарауындағы 62 биенің әрқайсысынан құлын алуға жетті. Оның еңбегі жоғары бағаланды: СССР Жоғары Советі Президиумының 1949 жылғы 31 қазандағы Жарлығымен К.Дәрібаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

    1957 жылы зейнетке шықты. 1964 жылы қайтыс болды. Ел игілігін еселеу жолында есепсіз еңбек сіңірген ардагерден тараған ұрпақтар да кейін осы жолды жалғастыра білді.



Вернуться назад