DataLife Engine > --- > ЕСПАНОВ ҰЗАҚ

ЕСПАНОВ ҰЗАҚ


4-05-2015, 16:20
Автор: akbota

      Ұзақ Еспанов 1928 жылы Жалағаш ауданының қазіргі Мақпалкөл ауылында туған. 1944 жылдан осы шаруашылықта колхозшы болған. 1947 жылы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, 1951 жылы бітірді.

     1951-1953 жылдар арсында мектептерде мұғалім, директор болып қызмет істеген. 1953-1963 жыл аралығында Жалағаш аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінде, 1963-1969 жылдары Қазақстанның ХХ жылдығы, Жамбыл атындағы колхоз басқармаларының төрағасы, 1961-1991 жылдары «Мәдениет», Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы совхоздардың директоры болып қызмет атқарған.

         1985 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне депутат, 1973 жылы Еңбек Ері, Ленин, Октябрь революциясы, екі Еңбек Қызыл Ту ордендері және 10-нан астам әртүрлі үкімет медальдарымен марапатталған. Бірнеше мәрте аудандық, облыстық кеңестерінің депутаты, партия комитетінің мүшесі болып сайланған. 1953, 1960, 1978 жылдарда өткен Республика мұғалімдерінің, 1976 жылы Қазақстан Компартиясы ХІҮ съезіне делегат болды. КСРО, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестерінің құрмет қағаздарымен марапатталды.

      1991 жылы зейнеткерлікке шыққан, 1992 жылдан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

     Жалағаш кентінің, Жалағаш ауданының құрметті азаматы. Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

     Еспанов Ұзақ 2014 жылы қараша айында 86 жасында дуниеден озды.


Вернуться назад