DataLife Engine > --- > ЦОЙ ЮН ХОН

ЦОЙ ЮН ХОН


8-05-2015, 11:22
Автор: akbota

     Цой Юн Хон 1911 жылы Примор өлкесі, Ольгин ауданында туған. Еңбек жолын 1929 жылы «Красный Авангард» (Қиыр Шығыс өлкесі) колхозында бастады, кейін Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Гигант» колхозында товарлы-сүт фермасының меңгеруші, егінші және председательдің орынбасары болып істеді.

     Цой Юн Хон көп уақыт егіс бригадасын басқарды. 1949 жылы жүгеріден мол өнім алғаны үшін Ленин орденімен наградталды, ал бір жылдан кейін 5,5 гектар күріштің әрқайсысынан 84,3 центнерден өнім алғаны үшін Социалистік Еңбек Ерінің алтын медалі омырауына тағылды.

      1961 жылы Цой Юн Хон Жамбыл облысына қоныс ауыстырды. Мерке ауданындағы «Победа» колхозына мүше болып, жұмыс істеді.


Вернуться назад