DataLife Engine > --- > МИН АЛЕКСАНДР ПАВЛОВИЧ

МИН АЛЕКСАНДР ПАВЛОВИЧ


8-05-2015, 12:42
Автор: akbota

   1915 жылы Примор өлкесінде туған. Ұлты кәріс. Саратов қаржы иститутының 3 курсын бітірген. Соғысқа дейін Арал қаласында кәріс бастауыш мектебінде мұғалім болды, 1943 жылы мамыр айында Қызыл армия қатарына алынды.

    Рязандағы жаяу әскерлер училищесін бітіргеннен соң Батыс, Орталық, Бірінші Украин, Бірінші Белорус майдандарында ұрысқа қатысты. Атқыштар взводының, ротасының, батальонының командирі болды.

   Волынск облысындағы Ковель қаласы үшін болған шайқаста А.Миннің батальонының жауынгерлері қаһарман ерліктің үлгісін көрсетті. Породубы қыстағында немістермен бетпе-бет айқаста А.Мин ауыр жараланып, ерлікпен қаза тапты.

   КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 25 наурыздағы Жарлығымен Александр Павлович Минге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

   Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы орта мектеп ғимараты алдына бюст қойылған. Ташкент қаласындағы бір көшеге, Өзбекстанның Аққорған қаласындағы саябаққа есімі берілген. 2007 жылы Путятин с. Орта мектебі ғимаратына А.Миннің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Ленин, Александр Невский, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.



Вернуться назад