DataLife Engine > --- > Шөкенов Батырхан

Шөкенов Батырхан


29-05-2015, 17:26
Автор: akbota

   Шөкенов Батырхан Камалұлы – Қызылорда қаласында туған. Қазақ әншісі, музыкашы. Бұрынғы Ленинград қаласындағы мемлекеттік мәдениет институтын, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Болашақ әнші өміріндегі ең белесті кезең сол кездегі Кеңес дәуірінде ерекше көзге түсіп жүрген джаз музыкашысы Г.Метаксамен кездесіп танысуы әрі онымен бірге белгілі Т.Ибрагимов және «Бумеранг» тобына қатысуы болды. 1983-1987 жылдары «Арай» тобы құрамында өнер көрсеткен. Б.Шөкенов Бүкілодақтық эстрада артистері байқауының лауреаты атанды. 1987 жылдан «Алматы» тобында, Мәскеу қаласындағы А.Б.Пугачеваның Ән театры құрамында өнер көрсетті. Алғашқы «Отан Ана» деген жарық көрген жеке альбомының тұсаукесері Алматы қаласында өткізілді. 2002 жылы 10 композициясы енген жинағы шықты.



Вернуться назад