Ақын, журналист Дәулетбек Байдрахманұлының «Отан деп соқты жүрегі» атты кітап көрмесі

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 20 тамыз күні Қазақстан Журналистер, Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Дәулетбек Байдрахманұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Отан деп соқты жүрегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрменің мақсаты - ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

 Көрмеге Дәулетбек Байдрахманұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар қойылды. Онда Д.Байдрахманұлының өмір жолы, еңбекке араласқан жылдары, қоғамдық қызметі, замандастарының ой-пікірлері орын алды.




 
20 август 2021 г. 18:27
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: