Сырда туған сырбаз ақын

Алып анадан туады

ТӘЖІБАЕВААЙМАНКҮЛ

(1888–1952)
  
Тәжібаева Айманкүл (1888, Қараөзек ст. – 28.11.1952, Алматы) – халық ақыны, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың анасы. Ауыл молдасынан хат танып, қисса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз,Науаи, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфабаспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. Әуезов Тәжібаевтың анасы. 7 жасынан бастап ауыл молдасынан хат танып, парсы, шағатай тілдерінде жазылған дастандарды оқиды, насихаттайды. Қазақ ауыз әдебиетін жетік білген. Алғашқы өлендерінің бірі - 1915 жылы күйеуі Тәжібайдың қазасына шығарған жоқтауы. «Анадаусы» (1948), «Ана сыры» ( өлең-жыр жинақтары жарық көрді. Әуезовті өмір бойы құрметтеп, сыйлап өткен, талантына тәнті болған. Ұлы жазушы «Әбділда Тәжібаев» деген мақаласында Айманкүлдің өмірбаянынан біраз мағлұмат бере келіп:
«Далдабай өз баласы болмай, жиені Айманкүлді бесіктегі бала кезінде бала қылып, бауырына салып өсірген. Айманкүлді оқытушы Ділдәхан молда Бухарада отыз жыл оқып қайтқан, ескі медресе тәрбиесі бойынша көп білім алған кісі деп саналатын. Айманкүлдің кітап оқығыштық мінезін құптаған Ділдәхан молда өзі әбден қартайған шағында «ең жақсы шәкіртім осы» деп, бар кітапханасын Айманкүлге сыйлайды»
деп, болашақ ақын қыздың тәлім-тәрбие алған ортасынан хабар береді.
«Осы шығармаларды Айманкүл өзі оқып, жұртқа тыңдатумен қатар, баласының санасына ақындыққа құмарлықты еге жүреді».
Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жарияланған. Өлең-толғауларынан Сыр бойыақындарының сарыны, Шығыс поэзиясының әсері байқалады. 2-дүниежүз. соғысжылдарындағы «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары отансүйгіш рухын танытады. Т-ның «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) атты жеке кітаптары жарық көрген.
  
Әбекеңнің анасы Айманкүл  ұрпағымен

 Әбекеңнің анасы Айманкүлмен
(Қызылорда,1935)

Тәжібаев оқулары
Сыр сүлейі, жыр дүлейі – Әбділда
Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының көрнекті шебері, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Ә.Тәжібаевтың 105 жасқа толуына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханасы қалалық білім бөлімімен бірігіп  «Сыр сүлейі, жыр дүлейі - Әбділда» атты жыр мүшайрасын өткізді.
Мақсаты:
Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;
Туған жерді, елді сүюге, ынтымақтастыққа дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу. Ақын өлеңдеріндегі атамекен мен адамгершілік сезімдерін, жастық пен достық сырларын кеңінен саралау.
Мүшайраға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7-10 сыныбынан іріктеліп барлығы 28 оқушы қатысты.
Мүшайра шарты бойынша жыр додасына қатысушы оқушылар «Елім барда осындай арман бар ма?...»атты 1-ші  бөлімі бойынша ақын өлеңдерін жатқа оқыcа, «Елді сүй деп айтамын қалғандарға»  атты 2-ші бөлімі бойынша Жыр дариясы, Сыр сүлейі Әбділда Тәжібаевқа арнаған өз жырларын оқыды.

Жыр додасына «Сырдың сыршыл ақыны» атты Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.
Мүшайра қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
22 желтоксан 2014 ж. 12:41
201 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: