Кітапхана жобалары

«Кітапхана  -  ғылым, білім  және  мәдениет  орталығы» атты жоба

Кітапхана - оқуды  дамытудағы  көшбасшы. Кітап  пен  оқуды  насихаттаудың  озық  үлгісі  ретінде  Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық әмбебап  ғылыми  кітапханасы  2010  жылдан  бастап  «Кітапхана  -  ғылым,  білім  және  мәдениет  орталығы»  атты  жоба аясында
жұмыстар  жүргізеді.
Мақсаты – елімізде  оқуға  қолдау  көрсету , кітап  оқу  мәдениетін  қалыптастыру, ұлттық  әдебиетіміздің  ең  үздік  туындыларын насихаттау  және  мемлекеттік  қызметкерлердің  назарын  кітап  оқуға  аудару,  олардың  уақытын  тиімді  ұйымдастыру  болып табылады.
Жобаға  сәйкес  кітапхана  қызметкерлері   әр  айдың 1  және  15  жұлдызында  түрлі басқармаларға барып,  кітапханалық  қызмет көрсетеді. Басқарма қызметкерлерлері  кітапхана қорымен  танысып, қажетті  әдебиеттерін  жаздырып  алуларына  мүмкіндік мол.  
 
 «Құжаттық  мұраларды  цифрлау» жобасы

Жобаның  мақсаты - өлке  тарихы  бойынша қорларды  сақтау  және  пайдаланушыларды  кітапхананың  құнды  өлкетану басылымдарымен  қамтамасыз  ету.   Жазба мұраларын сақтау мақсатында қордағы құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмыстары жалғастырылып келеді. 
Қазіргі таңда сандық форматқа - 1243 кітап (287843 бет), «Ленин жолы» (1942-1963), «Путь Ленина»(1941-1946) облыстық газеттерінің электронды нұсқалары, бет саны (13760 бет) цифрланды.


 «Жанашыр» жобасы

Ұлттық әдебиетіміздің үздік туындыларын насихаттау мақсатында жұмыс жүргізіліп келе жатқан жобалардың бірі «Жанашыр» жобасы. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұл жобаның мақсаты -мүгедек жандардың  сұраныстарын  қанағаттандыру, уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің  қызметкерлері жоспарлы түрде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне кітаптар апарып, насихаттайды.  Жоба аясында кітапхананың балалар бөлімі   №5, № 6, №7 арнаулы түзету мектеп-интернатының  ұстаздарымен  және оқушыларымен  және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған балалармен жұмыс жүргізіп келеді. 
 

 «50+ WEB» жобасы

«50+Web» жобасының мақсаты –елуден асқан аға буын өкілдерінің шығармашылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігін қолдау және қажетті ақпараттарды іздеуде білім мен дағдыны қалыптастыру.
Интернет  жүйесі мен  компьютерде  жұмыс  істеуге  үйретуге  көмектесу мақсатында ұйымдастырылған «50+WEB» жобасының  қазіргі таңда 3-ші кезеңі өткізілді. Курсқа қатысушылар  компьютерде жұмыс істеу, Интернетті пайдалану, желіден ақпарат іздеу, электронды поштаны пайдалану негіздерін үйрене алады.
 

«Жүрек жылуы» жобасы

     Мақсаты: Заманауи қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуі мен олардың тұлғалық үйлесімде дамып өсуіне ат салысу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқу мәдениетін арттыру.

   Міндеті: Түрлі (дәстүрлі және жаңашыл) шараларды ұйымдастыру арқылы кітапханаға мүмкіндігі шектеулі жандарды тарту; мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері мен әлеуметтік бейімделуіне көпшіліктің назарын аударуға бағытталған түрлі акциялар жасау; мүмкіндігі шектеулі жандардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, түрлі шараларға қатыстыру арқылы жүзеге асыру.


 

 

 

 

 

"Келбет" жобасы

 


М а қ с а т ы:

1. «Келбет» сырласу алаңының ұйымдастыруымен Сыр өңірінен шыққан талантты, белгілі тұлғалармен оқырмандарды кездестіру.

2. Көңілі жақын, сыры бір, пікірлес оқырмандарды сырласу алаңына шақырып еліміздің мәдениетін одан әрі өркендету.

3. Еркін сөйлесіп, шын пейілмен сырласу алаңына келген қонаққа қызықты сұрақтар қойып жақын танысу.

4. Сырластыратын, толғанғандыратын ойларды оқырмандарға айта алатын, тәбиелік, рухани мәні бар кездесулер ұйымдастыру.

5. Жастарға үлгі тұтар тұлғаларды насихаттау.

6. Әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, елімізге танымал тұлғалардың өміріне арналады.

 

М і н д е т і:

1. Ұлттық –рухани құндылықтарды , жеке тұлғаларды өмір жолымен таныстырып , жас ұрпаққа кеңінен насихаттау;

2. Қызылорда қаласында кітапхана мен оқырманды, оқырман мен белгілі тұлғалар арасын жақындастыру;

3. Жас шығармашылық иелерінің дамуына , қалыптасуына жағдай жасау;

4. Елге белгілі мамандық өкілдерімен еркін пікір алмасуға мүмкіндік туғызу;

5. Жастарды қолдау, тәрбиелеу.  Жастарға үлгі тұтар тұлғаларды насихаттау.

 6. Әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, елімізге танымал тұлғалардың өміріне арналады.


 


 



13 қаңтар 2015 ж. 12:05
5 қарау