АҚНИЯЗОВ ИБАДУЛЛА

     Ақниязов Ибадулла  1929 жылы Қызылорда облысының қазіргі Сырдария ауданы Қызыл диқан ауылында  дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистіқ Еңбек Ері (1949). Еңбек жолын бұрынғы Тереңөзек ауданы Ленин  атындағы ұжымшарда бастаған. 1954 жылдан СОКП-ның ХХІ съезі атындағы кеңшарда күрішшілер звеносын  басқарды. И.Ақниязов атақты күрішшілер Ким Ман Сам мен Ыбырай Жақаевтың тәжірибесін үйреніп,  агротехника жөніндегі білімін тереңдете берді, сөйтіп жоғары өным жолындағы күресте өз күшін сынып көрді. Ол  басқарған ұжым 1949 ж. 18 гектар егістен 34 центнерден бидай алды. Бұл жетістік егіншіні еліміздің озат  күрішшілерінің қатарына қосты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 11 мамырдағы жарлығымен  Ибадулла Ақниязов Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен  марапатталған. Бірнеше рет ауылдық, аудандық Кеңестің депутаты болды. 1971 жылдардан бастап тікелей мал  шаруашылығымен айналысты.
04 мамыр 2015 ж. 13:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: