ӘЛІМБЕТОВ ТӨЛЕГЕН

    Әлімбетов Төлеген 1926 жылы Арал ауданының Бөген ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан ата жолын қуып балық аулауды кәсіп еткен. Аралдың асау толқынында шыныққан қажырлы қайрат иесі, ол өзі еңбек ете бастаған жылдарда жоғарғы көрсеткіштерге жетіп, өз ұжымының, өз ауылының, бүкіл ауданның мақтанышына айналған абзал азамат болатын. Ол басқаратын «Калининград» кемесінің ұжымы жыл сайын жоғары көрсеткішке жетіп, биік белестен көрініп, аудан, облыс, республикаға танымал болған.  Төлеген  1959 жылы «Ленинград» балық кемесімен ашық теңіз бетіне шығып, Қасқақұлан, Көзжетпес, Ұялы сияқты терең аймақтарда балық аулап сол жылы мемлекетке 794 центнер балық тапсырған. Ал одан кейінгі жылдары кеме балықшылары 1,5 центнерден асыра балық аулады. Төлеген Әлімбетов ерен еңбегі үшін 1966 жылы Ленин орденімен наградталды.   Төлеген Әлімбетов  бесжылдық жоспарды үш жылда орындаған социалистік жарыс жүлдегері. Еңбектегі ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1971 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығымен Т.Әлімбетов Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. 

    Социалистік Еңбек Ері, қос Ленин орденінің иегері, СОКП ХХІҮ сьезінің делегаты, дербес зейнеткер Төлеген Әлімбетов 2002 жылдың 19 шілде айында қайтыс болды.   

 

<!-- EndFragment -->

 

04 мамыр 2015 ж. 15:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: