БИДАШЕВ ОРЫНБАЙ

     Бидашев Орынбай 1923 жылы 5 мамырда Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келді. 1939 жылдан бастап колхозшы болып жұмыс атқарған. 1940-1983 жылдар аралығында Төменарық ауылында шопан болып еңбек етеді. Еңбек озаты осы жылдар ішінде кеңшарға 103280 сом таза пайда келтірді. 1975 жылы қарауындағы отардың әр 100 аналығынан 220-ға дейін төл алып, 400 қозыны өсімге қалдырды. Осы еңбегі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президумының 10-наурыз 1976 жылғы Жарлығымен О.Бидашевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы шебері» деген құрметті атаққа ие болды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» атағын иемденген. Ақын Манап Көкенов Орынбай Бидашевқа арнап «Шыңдағы шынар» атты көлемді өлең-очерк жазды. Атақты шопан Орынбай Бидашев 2005 жылы 23 ақпанда Төменарық ауылында қайтыс болды. 
04 мамыр 2015 ж. 15:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: