ЕЛАМАНОВ ӘЛИ

    Еламанов Әли 1902 жылы қазіргі Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949). Төрт жылдық мектепті бітірген. 1930-1958 жылдары Елтай атындағы ұжымшарда, кейін «Төменарық» кеңшарында еңбек етті. Кедей шаруаның баласы Әли 12 жасынан жалшы әкесіне қолғабыс етті. 1942 жылы Әли Еламанов еңбек армиясына шақырылды. Ол Гурьевте, Сталинград маңында жұмыс істеді.

Әли Еламанов 1946 жылдың басында туған ауылына оралып, күрішшілер звеносын басқарды. Жыл сайын мол өнім жинады. Соғыс жылдары Сунақата арнасын қазуға қатысқан. 1941 жылы 6 гектар күріштің әр гектарынан 48,4 центнерден өнім жинаса, 1948-49 ж. күріштіктің әр гектарынан 80-85 центнерден астық жинап, жоғарғы көрсеткішке жеткен. 1955-1960 жылдары ұжымдарда түйе, қой бақты. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Әли Еламанов 1975 жылы қайтыс болды.

04 мамыр 2015 ж. 15:59
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: