ҚАЛДЫБАЕВ МАМАН

    Қалдыбаев Маман 1879 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949). М.Қалдыбаев 1929 жылы алғашқылардың бірі болып Шиелі ауданындағы «Үлгілі» ауыл шаруашылық артеліне кіріп, оның тұңғыш төрағасы болды. 1934-1935 жылдары ұжымшарда мақташылар звеносын басқарды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Қызылорда облысында егін өсіру жөніндегі қарттардың қозғалысының бастаушысы болды. 1941 жылдан кейін «Коммунизм» (Н.Бекежанов ауылы) ұжымшарында күріш өсірушілер звеносын басқарды. 1944 жылы Қалдыбаев ең жоғары өнім алатын звеноға басшы болып, көп жылдар бойы жоғары көрсеткіштерге жетіп отырды. Звеноға бекітілген 6 гектар егістіктің әр гектарынан 92 центнерден, ал қалған 14 гектардан 42 центнерден дән бастырған-ды. Күріш өнімін арттыруда рекорд жасаған.

     Күріш өнімін арттыруда рекордқа жеткен Маман Қалдыбаевқа СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1959 жылы қайтыс болды.

 

04 мамыр 2015 ж. 17:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: