ЛИ БЕН СЕР

    Ли Бен Сер 1899 жылы туған. Ол еңбек жолын 1916 жылы Семейде темір жолда жұмысшы болудан бастады. 1921— 1923 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 1923 жылы Примор өлкесі Шкотов ауданында ауыл шаруашылық бірлестігін ұйымдастырды.

  1929—1932 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Ленинский путь» колхозының председателі, бұдан соң «Авангард» колхозында звено жетекшісі болды. Жаңа агротехниканы қолданып, оны қол жеткен тәжірибемен ұштастыра білген ол Қызылорда облысындагы үздік күрішшілердің бірі атанды.

   Социалистік Еңбек Ері атағы оған СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен звеноға бекітілген жеті гектар егістіктің әрқайсысынан 82 центнерден күріш бастырып, мемлекет алдындағы айрықша еңбегі үшін берілді.

      Ли Бен Сер жас күрішшілерге өзінің бай тәжірибесін әрқашан таратып отырды. 1959 жылы зейнетке шықты.

 


04 мамыр 2015 ж. 18:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: