ПІРІМБЕТОВ ЗИЯД

   Зияд Пірімбетов 1902 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған. 1920 жылдан милиция қатарында қызмет атқарды. 1932 жылы Шиелі ауданындағы «Гигант» колхозының председателі болып сайланды, кейін 1935 жылдан 1941 жылға дейін ауылдық Советті басқарды.Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін 1946 жылы «Гигант» колхозында мұрап, звено жетекшісі болды.

   1949 жылы оның звеносы бұрын-соңды болмаған өнім өсірді — 8 гектардың әрқайсысынан 88 центнерден күріш алды. Осы жетістік Зияд Пірімбетовті еліміздің үздік егіншілерінің қатарына жеткізді. Еңбектегі ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1950 жылгы 21 мамырдағы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1956 жылы қайтыс болды.


08 мамыр 2015 ж. 09:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: