СМАНОВ ҚҰДАЙБЕРГЕН

   Құдайберген Сманов 1915 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Арал ауданының Чкалов атындағы және Энгельс колхозында, 1957 жылдан кейін «Приаральск» совхозында жылқышы болды.

   Құдайберген жеті жылдықты бітірісімен аулында енді ғана жерді бірлесіп өңдейтін серіктікке кірді. Бұл бірлестік кейін Чкалов атындағы ауыл шаруашылығы артелі болып құрылды.

   1941 жылы Қ.Сманов майданға аттанды. Ленинградтан Берлинге дейін қанды ұрыстар жолын жүріп өтті. Соғыс аяқталған соң омырауында бірден үш медаль жарқыраған жеңімпаз-жауынгер аулына оралды, туған колхозындағы жұмыстарға еселенген жігерменқұлшына кірісті. Құдайбергенге үлкен бір үйір жылқы табыс етілді. Ол бүкіл елімізге әйгілі жылқы өсірушілердің жұмыс тәжірибесін үйренді.

   1948 жылы 53 биеден 53 құлын алып, аман өсірді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 31 қазандағы Жарлығымен Чкалов атындағы колхоздың үздік жылқышысына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Колхоз басқармасы оны жылқы фермасының меңгерушісі етіп жоғарылатты.

   1950—1951 жылдары Чкалов атындағы ауыл шаруашылығы артелі іріленген Энгельс атындағы колхозға қосылды. Құдайберген жаңа колхозда бұрынғысынша жылқы фермасын басқарды. Бұл кезде фермада 1248 жылқы бар еді.

   1957 жылы Энгельс атындағы колхоз негізінде «Приаральск» совхозы құрылды. Қ.Сманов жаңа совхозда қатардағы жұмысшы болып еңбектене берді.
08 мамыр 2015 ж. 09:19
0 қарау
Пікір
1
Алимбай 2 қыркүйек 2018 15:53
 Совхоз организованный путем объединения колхозов имени Энгельса и имени Карла Маркса назывался "Аральский", а совхоз "Приаральский" был основан намного позже на основе части совхоза "Каракум".
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: