ӘБУТӘЛІПОВ ӘНУАР

     1923 жылы 7 желтоқсанда Жаңақорған ауданының "Талап" ауылында дүниеге келді.

     1942 жылы қазан айында 19 жасында майданға аттанды. 1943 жылы ақпанда ол тұңғыш рет ұрысқа кірді, 53-армияның Звенигород әуе-десанты дивизиясының 13-гвардиялық атқыштар полкінің станокті пулемет расчетінің командирі болды. 1944 жылдың қазанында Дебрецен операциясына қатысып Тисса өзенінен өту кезінде ерекше батылдық көрсетіп, көзге түсті. Ержүрек жауынгер өзеннің екі жағалауына 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәрі, байланыс заттарын өзеннен өткізеді, ұйқысыз дем алмай тәуліктен астам уақыт жұмыс істейді. Өз пулеметінен оқ жаудырып 18 жауды жайратты, жаудың 3 "тигрын" от-жалынға орады.

     Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

     Жеңіспен елге оралған Ә.Әбутәліпов Жаңақорған ауданындағы "Түгіскен" кеңшарында еңбек етті. 2 рет Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ақын Адырбек Сопыбеков батырдың ерлігі жайлы "Жүрек жұтқан" атты дастан жазды.

     Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылындағы №209 орта мектепке батырдың есімі берілген.


08 мамыр 2015 ж. 11:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: