КУРДЮКОВ ИВАН ФЕДОРОВИЧ

   Курдюков Иван Федорович 1906 жылы 12 ақпанда Саратов облысы Аткарск ауданы Судачево селосында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Кейін Перовск (Қызылорда) қаласына қоныс аударады.

   1922 жылы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін, паровоз депосына жұмысқа орналасады. 1938 жылы Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметіне жоғарылайды.

   1942-1943 жылдары Қызылорда облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді. И.Ф.Курдюков қала мен облыстың экономикасы мен мәдениетін көтеруге айрықша үлес қосты.

    И.Ф.Курдюков ұлы Отан соғысына қатысып майданнан оралған соң, 1945-1948 жылдары Қызылорда қаласы атқару комитетінің төрағасы болды. 1948 жылы өз өтінішімен темір жол жүйесіне жұмысқа ауысады. Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. 1968 жылы 24 желтоқсанда "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

08 мамыр 2015 ж. 17:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: