ОМАРОВ ЕРНИЯЗ ОМАРҰЛЫ

      Ернияз Омаров 1932 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы Асқар Тоқмағамбетов ауылында туған. 1947 жылы жеті жылдық мектепті бітірген. Қызылорда медициналық училищесін, Алматы медициналық институтын бітірген.

      Облыстық денсаулық сақтау саласында 40 жылға жуық еңбек еткен. 1961 жылы Е.Омаров облыстық партактив емханасының меңгерушісі болып, сол жылы қалалық денсаулық сақтау бөліміне меңгерушілікке тағайындалады. 1974 жылы кандидаттық диссертация қорғайды. Қалалық аурухана бас дәрігерлігінде он бес жыл жұмыс істеп, сол кезде жаңадан 360 төсектік аурухана салдырып, 1982 жылы облыстық денсаулық сақтау бөліміне меңгеруші болады. 15 жылдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, дербес зейнеткері. Қазір – облыс медицина ардагерлері кеңесінің төрағасы, "Шапағат" қайырымдылық қор президенті. "Сыр медицинасы", "Өмір белестері" кітаптарының авторы. Медицина ғылымының кандидаты. Еңбек Қызыл Ту, "Халықтар достығы", "Құрмет белгісі" ордендерімен және Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен наградталған.

    2002 жылы 2 қазанда "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. 2013 жылы желтоқсан айында «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

08 мамыр 2015 ж. 17:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: