Экспресс-тренингтер (ұзақтығы 1 сағат)

«ЗАҢ» дерекқорынан іздеу


   «Заң»дерекқоры Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерінің электронды жинағын ұсынады. Осы ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді үйрететін экспресс-тренингтен кітапхананың кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінен (3 қабат № 306 каб) өтуге болады. Сіз құқықтық құжаттар массивін бағдарлауды үйренесіз, сұраныс құру әдісін меңгересіз.

 

Электронды пошта


   Бүгінгі күні электронды пошта – ең қолайлы байланыс құралы. Визит карточкасындағы электронды пошта адресі қазіргі іскер адамға қажетті атрибуттың бірі болып табылады. Электронды хат-хабар алмасуды үйрену тренингінен кітапханадағы (3 қабат, №306 каб.) өтуге болады. Сіз өзіңіздің электронды пошта жәшігіңізді ашуды, хат-хабар жіберу және алмасуды үйренесіз.


 

 Тақырыптық іздеу


   Қажетті ақпаратты іздеп таба білу – үлкен өнер. Интернеттен тақырыптық іздеу жүргізуді үйрену үшін кітапхананыңоқырман залынан (2 қабат, №26 каб.)экспресс-тренинг өтуге болады. Сіз оқу немесе кәсіби қызметіңізге керекті ресурстарды жедел табуды үйренесіз, іздеу әдістерін меңгересіз.


 

Қашықтықтағы дерекқорлардан іздеу (УБД)


   Егер қажетті құжат біздің кітапханада болмаған жағдайда, басқа кітапханалардың электронды каталогтарына іздеу жүргізіледі. Қашықтықтағы дерекқорлардан іздеу жүргізу экспресс-тренингінен кітапхананың (3 қабат, №306 каб.)өтуге болады. Сіз қазақстандық және шет елдердің ірі кітапханаларының каталогтарынан іздеу дағыдыларын меңгересіз және құжаттардың электронды жеткізілімі технологиясымен танысасыз.

 

«Қазақстан Республикасының электронды үкіметі» порталы


   Электронды Үкімет деген не? Бұл Электронды қызмет түрлерін ұсыну бойынша мемлекеттік органның жұмыс істеу механизмі.www.egov.kz порталы қалай жұмыс істейді, Сізге қажетті ақпарат пен қызметті қалай алуға болады? Электронды қолтаңба деген не және оны қалай алуға болады? Бұл жайында тренингтерден білуге болады. Мұнда Сізге порталға тіркелуге көмектеседі. Сонымен бірге, үйден шықпай-ақ, тиісті мемлекеттік органдарға бармай-ақ ақпараттық, интерактивті, транзакционды электронды қызметтерді алуға үйретеді.

 

Құжаттарды сканерлеу

   

    Құжаттарды А4 және А3 форматтарында сканерлеп, PDF Tiger программасымен PDF форматқа айналдыру және Adove Fine Reader бағдарламасымен Word 2007 немесе Word 2010 жұмыс істеп көрсеңіз, тікелей Word бағдарламасына сканерлеуге үйреніп қалуыңыз ықтимал.

 

18 мамыр 2015 ж. 10:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: