2017 жыл 6 айлық есебі

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың

2017 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы


2017 жылдың 6 айында кітапхана 18649 оқырманға қызмет көрсетті. Кітапхананың кітап қоры 409830 дананы құрады, оның ішінде 109718 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Кітап берілімі 287256. Келушілер саны 101732.

Кітапханана қорына жаңадан 1885 дана кітап түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде 1052 дана.

Кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 597,0 мың теңге бөлінді.

«Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы бойынша қор сақталымын қамтамасыз ету, оны жетілдіру, қорға қолжетімдікті кеңейту, жалғыз данадан тұратын басылымдарға деген оқырман сұранысын қанағаттандыру мақсатында құжаттарды цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 2077 кітап цифрлық нұсқаға көшірілді.

Электронды каталогқа 241756 дана кітап енгізілді.


 

31 тамыз 2017 ж. 00:43
0 қарау