Өнер бойынша әдебиет бөлімі Оқырмандарға ұлттық өнерімізді,жалпы өнер адамдары мен өнер зерттеушілерінің еңбектерін насихаттайды. Ноталық – музыка залы музыкалық жабдықтармен (фортепьяно, баян,домбыра,қобыз,сыбызғы)жеке және топтық тыңдауға арналған кабинеттермен жабдықталған. Арнайы музыкалық қонақжайда музыканттар мен ән өнерін бағалайтын адамдармен бас қосу ұйымдастырылады. Бөлімнің негізгі міндеттері: -кітап қорындағы әдебиеттер арқылы пайдаланушылардың ұлттық және әлемдік өнер әдебиеттеріне еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету; - кітап көрмелерін және суретшілер,сазгерлер,әншілер,күйшілер, қолөнер шеберлері,театр артистерімен шығармашылық кездесулер т.б іс-шаралар ұйымдастыру; - пайдаланушыларға музыкалық аспаптар беру қызметін көрсету. Бөлімде дарынды жастар шығармашылығын насихаттау,мүдделері мен қызығушылықтары ортақ жандары біріктіру және эстетикалық және танымдық көзқарасын байыту мақсатында ұйымдастырылған «Өнер»клубы бар. Бөлім меңгерушісі: Садуақасова Жанар Серікқызы |