Негізгі қорларды сақтау бөліміНегізгі қорларды сақтау бөлімінің қорында - 254234 мыңнан астам құжаттар жинақталған.
Қордағы әдебиеттер жинағы өзінің авторлар құрамымен, тақырыптық байлығымен, хронологиялық қамтумен мазмұнды. Бөлімде 1917 жылғы революцияға дейінгі кезден бастап қазіргі күнге дейін жарық көрген әр саладан кітаптар жинақталған. Сондай-ақ, бөлімде «Сирек кітаптар қоры» бар. Онда шығыс қолжазбалары, парсы, шағатай, араб, корей, латын, татар тіліндегі алғашқы басылымдар мен қолжазбалар, көлемі кішкене кітаптар, Қызылорда қаласы алғашқы астана болып тұрған кезінде шыққан әдебиеттер жинақталған. Кітап қорын сақтау бөліміндегі барлық әдебиеттер кітапхананың каталогында көрсетілген. Кез-келген оқырман бұл бөлімдегі кітаптарды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдеріне тапсырыс беру арқылы алдырып оқи алады.
Бөлімнің мақсаты:
- қордың ғылыми негіздемеге сүйеніп қалыптастырылуы;
- сақтау тәртібін негізге ала отырып, қорды тиімді ұйымдастыру және сақтау;
- қалыптасу мен пайдалану барысының барлық сатысында тұрақтылық сақтау;
- мазмұны ескірген және тозығы жеткен кітаптарды уақытылы қордан шығару;
Бөлімнің міндеті:
- құжаттарды сақтау, маңызды әдебиеттермен қорды сапалы түрде жаңартып, толықтырып отыру;
- құжаттарды оқырманның сұранысы бойынша қызмет көрсету бөлімдері арқылы беруді жүзеге асыру;
- кітап сақтау қорындағы әдебиеттердің электрондық каталогын жасау.
Қордағы негізгі құжаттар:
- ғылымның барлық саласында шыққан кітаптар;
- Қазақстан туралы шыққан басылымдар мен мәліметтер;
- дүниежүзілік көркем әдебиет;
- сандық көбейтілген мәліметтер;
- сирек кітаптар қоры;
- авторефераттар.
Бөлім меңгерушісі: Қосназарова Гүлдараим Досбергеновна
E-mail:gkosnazarоva@mail.ru
Байланыс тел.: 8 771 524 90 67
|