Өлкетану библиографиясы секторыӨлкетану библиографиясы секторы - өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады. Өлкетану библиографиясы секторы 2015 жылы қаңтар айында құрылды. Сектордың мақсаты және міндеттері: - өлкетану құжаттары қорын қалыптастыру; - өлкетану әдебиеттерін насихаттау; - ғылыми зерттеу және баспа қызметі. Сектор облыстағы барлық кітапханаларға және мекемелерге өлкетану әдебиетінің мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек береді. Сектордың анықтамалық-библиографиялық аппараты: - өлке жайында анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар; - өлкетану картотекасы (өлке жайында 40 мыңнан астам кітаптардың, Сыр өңірі туралы газеттер мен журналдар мақалаларының библиграфиялық жазбалары); - Қызылорда облысы бойынша елеулі оқиғалар және белгілі күнтізбелердің хронологиялық картотекасы; - өлкетану бойынша тақырыптық папка-досьелер; - қазақ және орын тілдерінде «Өлкетану», «Краеведение» мәліметтер базалары. Сектор меңгерушісі: Көшербаева Айгүл Айдашқызы |