Мерзімді басылымдар секторыМерзімді басылымдар секторы Сектордың негізгі міндеттері: ·Пайдаланушы талабына сәйкес мерзімді басылымдар қорын құру, есепке алу, жүйелеу және сақтау; ·Мерзімді басылымдар арқылы оқырман сұранысын толық қанағаттандыру; ·Қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сапасын арттыру; ·Оқырманға сараланған қызмет көрсету; ·Кітапхана қорындағы мерзімді басылымар жарнамасын жүргізу.
Сектор төмендегідей қызмет түрлерін ұсынады: ·Басылым көшірмесін жасау; ·Журналдар мен газеттердің жаңа түсімдерін қарау; ·Өзекті тақырыптарға арналған басылымдар тізімін жасау; ·Пайдаланушыға қажетті басылымдар жөнінде ақпарат беру. Секторда өзіңізді қызықтырған тақырыптар тізіміне алдын-ала тапсырыс беруге болады. Қорда «Ленин жолы», «Ленинский путь» облыстық газеттерінің құнды топтамалары жинақталған. Сектор қорына жыл сайын 300-ден астам газет-журналдар келіп түседі. Оның ішінде 154 аталым Республикалық газет-журнал, 25 аталым Ресей басылымдары, 21 аталым облыстық басылымдар бар. Барлық басылым тізімдері сектордағы «Газеттер» және «Журналдар» деп аталатын каталогта көрсетілген. Жылына 3000 пайдаланушыға 95000 басылым құжаттары беріледі.
Сектордың мәдени-көпшілік қызметі:
·Республикалық, облыстық басылымдардың баспа өкілдерімен, жазушылармен, қаламгерлермен жүйелі түрде кездесулер, шығармашылық кештер өткізіледі. ·Даталы және атаулы күндерге көрмелер ұйымдастырылады.
Мерзімді басылымдар секторына қош келдіңіздер!
Сектор меңгерушісі: Шакиева Айжан Байланыс телефоны: 8 (7242) 30-69-60 |